«Ер дәулеті – еңбек» атты институттың құрметті оқытушыларымен кездесу

«Ер дәулеті – еңбек» атты институттың құрметті оқытушыларымен кездесу

Ағымдағы жылдың 19-қыркүйегінде еңбек күніне орай Altynsarin Institute -да институттың құрметті оқытушыларымен кездесу өтті.

ЖОО-ның жүргізген жұмысының негізгі мақсаты – оқытушылардың педагогикалық еңбек жолымен танысу, қызметкерлерге көңіл бөлуді арттыру, олардың зияткерлік, адамгершілік әлеуетін, жастарды тәрбиелеудегі өмірлік тәжірибесін пайдалану, оларға көмек көрсету.

АрқПИ-ның «Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты» орталығы ұйымдастырған іс-шарада институттың дамуы мен қалыптасуына үлес қосқан құрметті педагогикалық еңбек иегерлері мен студенттер шақырылды.
Дөңгелек үстелге «Педагогика және филология» факультетінің деканы А.К.Қалиев, Білім беру бағдарламаларының жетекшілері Г.Т.Каненова, А.К.Төлегенова, оқытушылар К.М.Шакирова, К.К.Досмагулова, М. А. Нұрханов, Б.А.Елеусов қатысты.

Іс-шара қонақтары педагогикалық еңбек жолындағы айтулы сәттері мен кездескен қиындықтары туралы сөз қозғап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу қорытындысы бойынша жоғары оқу орнының ғалымдары мен қызметкерлері жүрекжарды лебіздерін білдірді, ал студенттер өзекті және өздерін қызықтыратын сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.
Еңбек күніне арналған мерекелік және жоспарлы іс-шараларды ұйымдастырудағы мемлекет пен кәсіподақтардың басты мақсаты – жұмысшы кәсіптерінің мәртебесі мен беделін арттыру, отбасындағы жұмысшы әулеттердің дәстүрлерін жаңғырту, еңбек өнімділігін ынталандыру, оған жастардың назарын аудару, еңбек ұжымдарын біріктіру.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ