Altynsarin institute шетелдік ғалымдарды қарсы алуда

Altynsarin institute шетелдік ғалымдарды қарсы алуда

Жоғары оқу орындарының оқытушылық қызметіне шетелдік мамандарды тарту бағдарламасы аясында Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтына Қолданбалы ғылымдар техникалық университетінің профессоры (TH Wildau, Германия), физика-математика ғылымдарының докторы Питер Эндерс келді.

Шетелдік ғалым физика саласының маманы ретінде физиканың аксиоматикалық және нақты бірлігін зерттеумен айналысады. Бағдарлама аясында ол институт қабырғасында бір ай бойы дәріс оқып, студенттер үшін семинар және практикалық сабақтар, профессор-оқытушылар құрамы үшін мастер-класстар мен кеңес беру шараларын өткізеді.

Сонымен қатар, ЖОО оқытушыларымен бірлескен жариялымдар үшін ғылыми мақаланы дайындауға қатысу жоспарлануда.
Басқарма төрағасы – Ректор Ержан Әмірбекұлы профессормен кездесуде білім беру процесіне шетелдік мамандарды тарту студенттерге және ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамына жаңа білім алуға, бірлескен зерттеулер дайындауға бірегей мүмкіндік беретінін және жалпы оқыту сапасын жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті. Өз кезегінде шетелдік қонақ өз білімі мен тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін білдірді.

Профессор институттың жұмысымен жіті танысты және екі тарап одан әрі ынтымақтастық туралы өзара келісім жүргізді.
Айта кетейік, Питер Эндерс бізге 2023-2024 оқу жылына арналған «Шақырылған шетелдік ғалымдар» бағдарламасы бойынша келген алғашқы шетелдік ғалымның бірі. Жыл соңына дейін Индонезия мен Түркиядан ғалымдар келеді деп күтілуде.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ