«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясындағы тақырыптық шолу

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясындағы тақырыптық шолу

Бүгін «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында институттағы «Ақпараттық – кешендік кітапхананың» ұйымдастыруымен «Көркем шығарма шебері – Төлен Әбдікұлы» атты тақырыптық шолу ұйымдастырылды.

Шара қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай арттыруға мүмкіндік туғызу мақсатында өтті.

Ұйымдастырушылар қаламгердің шығармашылығына арқау болған парасат майданы, ақыл мен азап ауруы, тұлғаның екіге жарылуы, кейіпкердің қарапайым адамдарға тән емес науқаспен ауруы, философиялық болмысты іздеу сияқты өзекті мәселерді тілге тиек етті.
Сәйкесінше, қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдікұлының өмірбаяны, қызмет жолы, шығармашылық әлемі туралы кеңінен айтылып, туындылары турасында тақырыптық шолулар жасалды.

Кеш барысында қатысушы студенттер автордың «Түс», «Өткен күндер» өлеңдерін және Т.Әбдікұлына арнаған Мұхтар Шахановтың «Рух мектебіндегі мұң», Мұрат Жүнісұлының «Төлен ағама» атты өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды.
Сондай-ақ, көрермендерге жазушының шығармашылығана арналған «Табиғаты өзгеше дарын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, буктрейлер ұсынылады, сонымен қоса, олар «Ата-ананың қадірі» тақырыбында жаппай эссе жазды.
Мазмұны мен тақырыбы жарасым тапқан шара Altynsarin Institute-да дәстүрлі түрде өтетіндігін атап өту керек.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ