«Жүректен жүрекке» еріктілер қозғалысы педагогикалық еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетті

«Жүректен жүрекке» еріктілер қозғалысы педагогикалық еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетті

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының жанынан құрылған «Жүректен жүрекке» еріктілер қозғалысымен «Еңбек – сенің жетістігіңнің кепілі» атты педагогикалық еңбек ардагерлерінің кездесуі өтті.

Еңбек күніне орай өткен шараның негізгі мақсаты – педагогикалық еңбек ардагерлерінің тағылымды жолымен танысып, оларды әлеуметтік қолдау.

Шарада институттың ардагер оқытушылар мен қызметкерлері Ш.Байдильдин, Р.Абдрахманова, М.Байсеңгіров, Р.Абдрашитова, Е.Анапин қонақ болды.
Қонақтар еңбек және өмір жолына қатысты сұрақтарға қуана жауап беріп, өздерінің көп жылдық жұмыс тәжірибесімен, студенттік өмірдегі қызықты оқиғаларымен бөлісті.
АрқПИ-де ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген ардагерлер өз сөзінде білім беру әрқашан жетекші және маңызды позицияларға ие болғандыған тоқталды.
Жоғары оқу орнында сапалы білім алу үшін қамтамасыз етілген қолайлы атмосфера туралы оң пікірлер айтылды және болашақ дамуға лебіздерін білдірді.
«Педагогика және филология» факультетінің деканы А.К.Қалиев өз сөзінде ардагерлерге тілектері үшін алғысын білдіріп, институт профессор-оқытушыларға зор құрметпен қарайтындығын және мұндай кездесулерді өткізу – бұл институттың қамқорлығы мен құрметінің аз ғана бөлігі екендігін атап өтті.

Салтанатты іс-шараның қонақтары үшін шығармашылық сый Altynsarin Institute-ның ән мен би ұйымдарының қатысуымен өткен мерекелік концерт болды. Соңында еріктілер естелік сыйлықтар беріп, ортақ суретке түсті.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ