«Coursera»: оқытудың жаңа моделі
Теориялық және қолданбалы пәндердің барлық спектрі бойынша білім алу мүмкіндігін «Сoursera» еркін онлайн оқу алаңы береді.
Тіпті, бүгінгі күні «Coursera қазақ тілінде» жобасы аясында әлем профессорларының курстары қазақ тіліне жаппай аудару процесі жүріп жатыр.
Бұған дейін бұл платформада білім алу ағылшын тілінде ақылы негізде жүргізілген болса, енді оны қазақ тілінде әрі тегін оқу қызметі ұсынылады.
Өткен оқу жылының наурыз айында Altynsarin Institute-ның 500 студенті студенті Coursera платформасында оқып, кәсіби сертификатарын иеленген еді.
Ал, 2023-2024 оқу жылында келесі лек төмендегі ашық курстар бойынша білім алуда:
- «Графикалық дизайн негіздері»;
- «Білекпен емес, ақылмен жұмыс істе: Кәсіби және жеке өнімділікке арналған уақытты басқару»;
- «Цифрлық дәуірдің интеллектуалдық құралдары»;
- «Эмоциялық интеллектарқылы шабыттандырушы көшбасшылық»;
- «Конфликт трансформациясы»;
- «Цифрлық дәуірдің интнллектуалдық құралдары» (Intelligence Tools for the Digital Age);
- «Шығармашылық құралдар жинағы II: Шығармашылық ынтымақтастық»;
- «Статистикалық қорытынды және гипотезалық сынақтың деректер ғылымында қолданысы».
Айта кетейік, жаһандық еңбек нарығында қосымша кәсіптік білім алу тұлғаның құзыреттілігін молайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ, «Coursera дәрістері» барысында иелеген дағды бойынша білім алушылардың жұмысқа орналасу ықтималдылығы арта түседі.