Кеудесі қазына қарттар күні қарсаңындағы құттықтау
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты» орталығының жанынан құрылған «Жүректен жүрекке» еріктілер қозғалысы еңбек ардагерлерін құттықтап қайтты.
Мереке қарсаңындағы құттықтау – аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу, өскелең ұрпақты үлкенге қолғабыс болуға машықтандыру мақсатында ұйымдастырылды.
Altynsarin Institute қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы Басқарма Төрағасы-Ректор Е.Әмірбекұлының қолдауымен ардагерлерге құрмет көрсетуді дәстүрлі үрдіске айналдырғандығын атап өту керек.
Зейнетке шыққан он төрт қарияның Арқалық қаласындағы мекенжайына еріктілер аяқ басып, ашық хаттар мен сыйлықтарды тарту етті.
Сонымен қатар, көңілі дария, кеудесі қазына қарттардың ойын тыңдап, сұхбаттасқан студент жастар, рухани қорек алғандықтарын жеткізді.
«Ел ішінде қазыналы қартың болса, жазып қойған хатың» - деген Төле бидің аталы сөзін Altynsarin Institute-ның еріктілері ұстаным етіп, қарияларға ғажайып сәт сыйлады.