«Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады» атты мерекелік кеш
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Altynsarin institute-да «Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады» атты мерекелік кеш өтті.
Көктемнің шуақты күндері жайдарлы мерекеге толы. Солардың бірі – әйел адамзатының болмысын айшықтай түсетін, айтулы нәзік жандылардың төл мерекесі.
Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ жылдағы дәстүр бойынша аталмыш күнге орай ұжымдағы әйел адамзатының құрметіне сахналық қойылымдардан тұратын салтанатты кеш ұйымдастырды. Мерекелік көңіл-күй жұмыс күнінің басында институт табалдырығын аттаған сәттен басталды.
Салтанатты жиынның кіріспе сөз кезегін Басқарма Төрағасы – Ректор Ержан Әмірбекұлы бастап, ұжымдағы әйел адамзатының орны туралы баяндады. Сондай-ақ, мереке қарсаңында ректор Академиялық бағдарламалар және әдістемелік жұмыс офисінің әдіскері – Кожахметова Гульзат Бегаловнаға, Педогогика және филология факультетінің лаборанты – Карбозова Гүлим Кошкимбаевнаға, №2 студенттер үйінің кастельяншасы – Сүйкімбаева Күнсұлу Сабырқызына, №2 оқу ғимаратының еден жуушысы – Доронцова Светлана Ивановнаға алғыс хат ұсынды.
Концерттік бағдарламаның алғашқы нөмірі институттың ерлер қауымы орындаған аналарға арналған хор болды. Жанды дауыстағы әдемі кеште студенттер музыкалық аспаптарда ойнап, көрерменнің қошеметіне бөленді.
Дүбірлі думанға ұласқан кеште профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер бірлесе ән әуелетіп, күй кімбірлетті, жыр асқақтатып, ғалым-аналарға, ұстаз-аналарға, сұлу қыздарға естен кетпес ерекше әсер сыйлады.
Altynsarin institute-ның әдеттегі үрдісінен айнамаған бұл мерекелік бағдарламаға биыл «Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультеті жауапты болды.