«Инклюзивті білім беру» орталығы панельдік онлайн-дискуссия өткізді

«Инклюзивті білім беру» орталығы панельдік онлайн-дискуссия өткізді

2024 жылдың 13 наурыз күні Altynsarin institute-дағы «Инклюзивті білім беру» орталығының ұйымдастыруымен «Жаңартылған инклюзивті білім беру орталығының мамандармен және педагогтармен өзара әрекеттестігі» тақырыбында панельдік онлайн-дискуссия өтті.

Шара инклюзивті білімді қажет ететін индивидтердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып оқытудың қолжетімділігін қамтамысыз етуді және табысты нәтижеге қажетті жағдайлау жасау үшін тәжірибе алмасуды мақсат етті.
Онлайн-дискуссияға Altynsarin institute-ның «Педагогика және филология» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD Р.Л.Калимжанова мен магистр Р.К.Бегежанова, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің жоғары мектеп педагогикасының оқытушы-эксперті А.Е.Ахметова, Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Инклюзивті білім беру» кабинетінің меңгерушісі Ж.Қ.Оспанова, Арқалық қаласының А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары С.Б. Жумагулов қатысты.
Қатысушылар «Қазақстанның педагогикалық білім берудің жетілдірілген моделіндегі инклюзивті білім беру ортасы», «Мүмкіндігі шектеулі студенттерді ЖОО-да психологиялық-педагогикалық қолдау», «Инклюзивті сыныпта бейімделу кезеңін ұйымдастыруда мінез-құлық технологияларының элементтерін қолдану», «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау», «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жасау жолдары» тақырыптарында тезистер дайындап, нақты позицияда сөз сөйледі.

Ал, «Инклюзивьті білім беру» орталығының ғылыми қызметкері Гүлім Мусирова өз сөзінде: «Жоғары оқу орны базасындағы ғылыми орталықтың жұмысы мүмкіндігі шектеулі балаларға, олардың ата-аналарына қатысты мәселені шешуде кешенді әдістерді қамтамасыз етуде өзінің әдістемелік қолдауын көрсетуге ашық. Себебі, орталықтың тиімді жұмыс үлгісі – әлеуметтік серіктестікті талап етеді», - деп атап көрсетті.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ