Altynsarin institute-ның оқытушылары фин сарапшыларының кәсіби даму бағдарламаларына қатысуда

Altynsarin institute-ның оқытушылары фин сарапшыларының кәсіби даму бағдарламаларына қатысуда

Назарбаев Университетінің жоғары білім беру мектебінің базасында Финляндияның HAMK және JAMK университеттерімен бірлесіп 2024 жылғы 11 наурыздан бастап «Педагогикалық білім беру моделін іске асыру және оның мазмұнын күшейту» жобасы шеңберінде ЖОО қызметкерлері мен ауыл мектептерінің директорлары үшін «Білім берудегі көшбасшылық» кәсіби даму бағдарламасы бойынша оқытудан өтуде. Бұл жоба Дүниежүзілік Банктің, ҚР Ғылым және жоғары білім және Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Бағдарлама білім берудегі көшбасшылықтың негізгі салаларында 200 жоғары білім беру өкілдерінің және 50 ауылдық мектеп директорларының құзыреттерін дамытуға бағытталған. Тыңдаушылар қатарында Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының қызметкерлері мен оқытушылары бар. Оқыту қорытындысы бойынша барлығы білім берудегі соңғы үрдістер туралы білім алады, инновациялық идеялар мен тәсілдерді қалыптастыруды, жаңа технологияларды пайдалануды, болашаққа деген көзқарасты дамытуды және нәтижеге бағдарлану мәселелерін шешуді үйренеді.

Оқыту гибридті форматта жүргізіледі. Оған онлайн сессиялар, Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде Халықаралық және жергілікті сарапшылар Пиа Колхо, Қайрат Құрақбаев, Эсси Рюмин, Ари Покка қатысатын апталық қарқынды офлайн тренинг, сондай-ақ тәлімгерлік бойынша сессиялар кіреді.
Оқытудың негізгі нәтижесі тыңдаушының әр тобына бейімделген жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу үшін жол картасын әзірлеуді көздейтін негізгі сарапшылардың жетекшілігімен қорытынды жобада жұмыс істеу болады. Бағдарлама қатысушыларының офлайн кездесуі 2024 жылдың 16 наурызына дейін жалғасады, содан кейін курс тыңдаушылары онлайн форматта оқуын жалғастырады.

Айта кету керек, бұған дейін «Педагогикалық білім беру моделін іске асыру және оның мазмұнын күшейту» жобасы аясында институттың 3 оқытушысы CLIL технологиясы – пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту бойынша оқудан өткен болатын. Сарапшылар Яркко Ламписелка, Ансси Линделл, Айбаршын Болатова және Гүлниса Жүнісова NU-де 18 ЖОО-дан жиналған 100 оқытушыға арналған тренингтер өткізді, оның қорытындысы бойынша STEM-пәндерінің педагогтары оқу процесіне әртүрлі мектеп пәндерін біріктіруді және болашақ педагог студенттері үшін пәнаралық және тілдік ортаны құруды үйренді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ