«Сандық технологиялар мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбында республикалық ғылыми жоба сайысы өтті

«Сандық технологиялар мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбында республикалық ғылыми жоба сайысы өтті

2024 жылдың 27 ақпанында «Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультетінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының арасында «Сандық технологиялар мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбында республикалық ғылыми жоба сайысы өтті.

Іс-шара мақсаты – білім алуда сандық технологиялардың мүмкіндіктерін қолданудың жан-жақты тұстарын іздеу, зерттеу. 
Ғылыми жобалар сайысына Абай, Ақмола, Түркістан, Қостанай облысы білім бөліміне қарасты мектептердің оқушылары қатысып, өз жұмыстарын қорғады.

Сайыс барысында заманауи оқу-білім, ақпараттандыру үрдісіндегі бағдарламалау тілдерінің инновациялық бағыттары, түрлі деңгей мен көзқарастар мәселелері қызу пікірталастар туғызды.

Мектеп оқушыларының ұсынған жобалары қоғамның әртүрлі саласындағы ақпараттандыру процесстерін бағалау индикаторлар жүйесін әзірлеу, ақпараттандыру әр түрлі қоғамдық салаларды дамытушы негізгі фактор ретінде қарастыру, ақпараттық коммункациялық технологиялар ортасында бағдарламалау тілдерінің ерекшеліктерін анықтау сынды тақырыптарды қамтыды.

Ғылыми жобалар байқауының шарты бойынша оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты олар екі топқа бөлінді.

Нәтижесінде, 4-6 сыныптар арасында:
1 орынды Қостанай облысы, Арқалық қаласы әкімдігінің білім басқармасы Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің 6 «В» сынып оқушысы Махтин Санжар (Ғылыми жетекші: Карашинов Каскырбай Серикбаевич);
2 орынды Қостанай облысы, Арқалық қаласы әкімдігінің білім басқармасы, Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің 4 «А» сынып оқушысы Байзакова Адиля (Ғылыми жетекші: Жүніс Бек - Әбіл Ерболұлы);
Қостанай облысы, Арқалық қаласы әкімдігінің білім басқармасы А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияның 4 «А» сынып оқушысы Төлеухан Асылхан (Ғылыми жетекші: Қалмағанбетова Данагүл Бақытқызы);
Қостанай облысы, Арқалық қаласы әкімдігінің білім басқармасы А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияның 4 «А» сынып оқушысы Жумабаева Айсулу (Ғылыми жетекші: Мажитова Эльмира Уалихановна);
3 орынды Қостанай облысы, Арқалық қаласы әкімдігінің білім басқармасы № 2 орта мектебінің 5 «А»сынып оқушылары Төлегенов Нурмухамед, Утюганов Жан (Ғылыми жетекші: Байзакова Сауле Связханқызы);
Қостанай облысы, Арқалық қаласы әкімдігінің білім басқармасы Ы. Алтынсарин атындағы гимназияның 5 «Ә» сынып оқушысы Қуанышбек Мирас (Ғылыми жетекші: Сексембай Жансая Адебиетовна);
Түркістан облысы, Шымкент қаласы, №103 жалпы білім беретін мектебінің 6 «А», 5 «А» сынып оқушылары Өмірхан Абдурахман мен Қалдан Батырхан (Ғылыми жетекші: Шилменова Алия Сапаралиевна)
Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлім Қоянды ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 6 «А» сынып оқушысы Құрман Таңатар (Ғылыми жетекші: Букей Рахатгул) иеленді.

7-11 сыныптар арасында:
1 орынды Абай облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің Саржал ауылы, Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебінің 11 «А» сынып оқушысы Саятов Қуандық (Ғылыми жетекші: Алдабергенова Гульнур Джазылбековна);
2 орынды Қостанай облысы, Арқалық қаласы әкімдігінің білім басқармасы Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің 10 «А» сынып оқушысы Серикбай Баубек Каскырбайұлы (Ғылыми жетекші: Қалтай Нұрсұлтан Берікұлы);
Қостанай облысы, Арқалық қаласы әкімдігінің білім басқармасы Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің 10 «А» сынып оқушысы Серикбай Баубек Каскырбайұлы (Ғылыми жетекші: Карашинов Каскырбай Серикбаевич);
3 орынды Қостанай облысы, Арқалық қаласы әкімдігінің білім басқармасы М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің 10 «А» сынып оқушысы Женисұлы Қалдыбек (Ғылыми жетекші: Нуржанова Алия Турганбаевна);
Қостанай облысы, Арқалық қаласы әкімдігінің білім басқармасы А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының 9 «Г» сынып оқушысы Қуаныш Меруерт (Ғылыми жетекші: Дүйсенов Қуандық Алдабергенұлы);
Қостанай облысы, Арқалық қаласы әкімдігінің білім басқармасы Арқалық қаласы, Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің 8 «В» сынып оқушысы Бектасұлы Бекали (Ғылыми жетекші: Жусупова Асем Бериковна);
Абай облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің М.Әуезов атындағы орта мектебінің 8 «А» сынып оқушысы Ерсінұлы Ермұрат (Ғылыми жетекші: Орынбекұлы Нұрлыбек) иеленді.
Жеңімпаз оқушыларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар табыс етіліп, ғылыми жетекшілері мектеп оқушыларын бәсекеге қабілетті, заман талабына сай, білімді азамат тәрбиелегендері үшін алғыс хатпен марапатталды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ