Altynsarin institute-ның айтыскер студенті олжалы болды
Еліміздің және шетелдік жоғары оқу орындарының студент ақындары арасында «Менің пірім – Сүйінбай» атты дәстүрлі VIIІ халықаралық жас ақындар айтысы өтті.
Айтыс дәстүрлі өнерді насихаттау арқылы, жастардың қызығушылығын арттыру, оларды өз тілін, дінін, мәдениетін құрметтеуге шақыра отырып ұлт мұрасының рөлін көтеру мақсатында ұйымдастырылды.
Еліміздегі ЖОО-ның жас жүйріктері мен Қырғыстан, Моңғолия, Өзбекстан елдерінен 40-қа жуық ақындар бас сынасқан жыр додасы қазақтың үш бйтерегі Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына арналды.
Сөз аламанында Altynsarin institute-ның намысын қорғап, Филология және педагогика факультетінің 4 курс студенті Әсет Ақылжан өнер көрсетті.
Әсет І айналымда қырғыздың ақынын оза шауып, ІІ айналымда оңтүстіктің ақыны Қалижан Білдәштің шәкіртімен кездесті.
Нәтижесінде студентіміз «Темірхан Тебегенов» атындағы арнайы жүлдені иеленіп, көрерменнің көзайымына бөленген.
Құттықтаймыз!