«Бала дамуындағы трансформациялық бағыт: инклюзивті орта, жаңаша тәсілдер» тақырыбындағы республикалық ғылыми-әдістемелік семинар
2024 жылы 27 ақпан күні Педагогика және филология факультеті «6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «6В01202 – Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі және педагог психолог» білім беру бағдарламаларының ұйымдастыруымен «Бала дамуындағы трансформациялық бағыт: инклюзивті орта, жаңаша тәсілдер» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Мақсаты – студенттердің ғылыми-білім беру ұмтылыстарын сүйемелдеу, инклюзивті білім беру саласында мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының психологиялық-педагогикалық құзыреттілік деңгейін арттыру, инклюзивті топтарда жұмыс жасауда педагогикалық технологиялар мен тәсілдерді қолдануда іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Ғылыми-әдістемелік семинарға республикадағы ЖОО-ның педагог-профессор ғалымдары, Арқалық қаласындағы балабақша тәрбиешілері, институттың білім беру бағдарламасының студенттері мен оқытушылары қатысты.
Шара барысында педагог-психологтар өзекті баяндама жасап, қатысушылардың талқылауына ұсынды. Ал, педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Муханбетжанова Ардақ Абузаровна «Инклюзивті білім беру негіздері, құралдары және практикалық шешімдері» атты баяндамасында инклюзивті білім берудің практикалық мүмкіндіктерін қарастырды.
Семинар барысында ғалымдар өздерінің ғылым жолындағы жеткен жетістіктерімен, тәжірибелерімен бөлісті. Тәрбиешілер шеберлік сағаттарын өткізіп, болашақ тәрбиешілерге зор мотивация сыйлады.