«Аcademic mobility: challenges and opportunities» атты дөңгелек үстел өтті
2024 жылдың 26 ақпан күні «Педагогика және филология» факультетінің «Ағылшын тілі», «Шетел тілі:екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы «Аcademic mobility: challenges and opportunities» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – Болон процесінің принциптерін іске асыру, халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктеріне тоқталып, оны одан әрі кеңейту. Сонымен қатар еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман даярлау.
Дөңгелек үстел барысында 2023-2024 оқу жылының I-ші семестрінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Мугла Сыткы Кочман университетінде (Түркия) білім алған студенттер өз әсерлерімен және шетелдік оқу үрдісінің ерекшеліктерімен бөлісті.
Нақтырақ айтқанда, ЕШТ-41академиялық тобының студенті Г.Сайлау, Ағылшын-42 тобының студенті В.Толстыкина мен А.Дүйсен презентация әзірлеп, қатысушыларға таныстырды.
Дөңгелек үстелге білім беру бағдарламасының профессор-оқытушылар құрамы мен 1,2,3 курс студенттері қатысып, пікір алмасты.