Altynsarin institute-дағы ғылыми орталықтардың таныстырылымы өтті
Арқалық қаласы әкімдігі Білім беру бөліміне қарасты №2 орта мектеп базасында қалалық білім беру бөлімінің өкілдері, жалпы білім беретін мектеп директорларының орынбасарлары және Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ-нің ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен педагогикалық семинар өтті.
Семинар барысында Altynsarin institute-дағы «Инклюзивті білім беру» орталығының ғылыми қызметкері Г.Б.Мусирова, «Педагогикалық шеберлік» орталығының ғылыми қызметкері В.Ж.Есиргепова, «Психологиялық диагностика және кеңес беру» орталығының ғылыми қызметкері Г.С.Смаилова аты аталған орталықтардың таныстырылымын жасады.
Сондай-ақ, өңірдегі білім беру ұйымдарының әкімшілік корпусы барысында стейкхолдермен, ата-аналар қауымдастығымен өзара ынтымақтастықты көздейтін орталықтар қызметі туралы ақпараттар айтылды.
Педагогикалық отырыстың хаттамасына сәйкес, күн тәртібіндегі екінші мәселе Арқалық қаласындағы білім беру ұйымдарындағы кәсіби бағыт бағдар беруді ұйымдастыру болды. Мұнда жоғары оқу орындарындағы орталықтардың қызмет беру үлгісін алу мақсатында мектептермен өзара келісімшарт орнату көзделді. Атап айтқанда, Ш.Уәлиханов атындағы №1 ЖББМ, М.Әуезов атындағы №5 ЖББМ, Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептері «Психологиялық диагностика және кеңес беру» орталығының қызметін қолдануға ниетті екендіктерін жеткізді.
«Психологиялық диагностика және кеңес беру», «Педагогикалық шеберлік», «Инклюзивті білім беру» орталықтарымен өзара іс-қимыл нәтижесінде қызмет бағыттары егжей-тегжейлі ұсынылып, педагогтарды әдістемелік қолдау техникалары көрсетілді.