«Әбділдә Тәжібаевтың ақындық әлемі» атты әдеби кеш

«Әбділдә Тәжібаевтың ақындық әлемі» атты әдеби кеш

2024 жылдың 5 ақпан күні Ақпараттық-кешендік кітапханасында көрнекті ақын, Қазақстан Республикасының Халық жазушысы Әбділдә Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Әбділдә Тәжібаевтың ақындық әлемі» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

Әдеби кеш дәуірінің дара ақыны Ә.Тәжібаевтың өмір жолы мен шығармашылығымен танысу, ақынның туған жер, өмір, дос, табиғат лирикасы тақырыбында жазылған өлеңдері арқылы оқырмандардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, кітапханаға оқырмандар тарту мақсатында өтті.
Кеш барысында «Педагогика және филология» факультетінің студенттері сыр елінің сыршыл ақынының қаламынан туған «Тынықсын, тимеңдер адамға», «Өмірім менің», «Сын туралы сыршыл доспен кеңесу», «Жас ақынға» атты өлеңдері мен «Еске алу» дастанынан үзінділерді нақышына келтіре айтты.
Сондай-ақ әдеби кешке қатысушылар қазақтың бір туар дара ақындары М.Мақатаевтың «Әбділдаға» және Т.Молдағалиевтың «Әбділда ағаны ойлағанда» атты арнау жырларды тебіреніспен оқып, домбырада күмбірлете күй ойнады.
Іс-шара аясында көпшілік кітапхана қорынан Ә.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған викториналық сұрақтарға жауап беріп, кітап көрмесін тамашалады.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ