Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының делегациясы Altynsarin institute-да болды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының делегациясы Altynsarin institute-да болды

 2024 жылғы 2-ші ақпан күні Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» делегациясы Altynsarin institute-ның қабырғасында болды.

Шара Түркістан облысынан «Серпін – 2050 мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтына оқуға түскен студент жастармен кездесуді мақсат етті.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары Пердебек Сержанұлы бастаған топтың құрамында ресурстық орталықтың басшылары мен мектеп директорлары, жастар ісінің эксперттері бар. Олар кездесуде оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысты.
Нақтырақ айтқанда, Ы.Алтынсариннің ғылыми-педагогикалық мұражайы мен «Жаратылыстану табиғи-тарихи» мұражайында, студенттік жатақханада болып, Мобильді планетарийді тамашалап, оқу дәрісханалары мен атаулы аудиторияларды аралады.
Ең негізгісі «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түскен 1-4 курс студенттерімен жүздесіп, пікір алмасты. Студенттердің орналасуы, оқу үлгерімі, педагогикалық біліктілігі, болашақтағы жоспары туралы тақырыптарды қамтыған кездесу еркін сұхбаттасу форматында өрбіді.

Кездесу барысында ректор Ержан Әмірбекұлы қонақтарды қабылдап, оқу үрдісі мен Торғай даласының тарихына қатысты мәліметтерге тоқталып өтті. Ол өз сөзінде: «Дала ұстазы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Алаш қайраткерлерінің кіндік қаны тамқан Торғай жері ғылым мен білімнің қара шаңырағы саналады. Ұлт ұстазы А.Байтұрсынов, қайраткер М.Дулатұлының рухы бар оқу ордамыз педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша маман даярлайды. Бүгінгі жастарымыздың болашақ буынның үздік ұстазы боларына үлкен үміт артып отырмыз», – деді.
Айта кетейік, 2014 жылдан бастап Қазақстанда «Серпін – 2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарлама жұмыс істейді. Әлеуметтік бастама аясында елімізде тапшы мамандарды даярлау көзделген. Бағдарлама шеңберінде оңтүстік жастары шығыс пен солтүстіктен білім алып, аймақтағы халық саны мен экономикасын көтеруге өз үлестерін қосады.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ