Altynsarin institute-ның студенті республикалық «ХХ ғасыр көкжиегіндегі үш бәйтерек» байқауында І дәрежелі диплом иеленді

Altynsarin institute-ның студенті республикалық «ХХ ғасыр көкжиегіндегі үш бәйтерек» байқауында І дәрежелі диплом иеленді

2024 жылдың 29 наурыз күні Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасы және Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігінің ұйымдастыруымен «ХХ ғасыр көкжиегіндегі үш бәйтерек: Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин» атты республикалық байқауы өтті.

Байқау эссе, мақала, арнау жанрларына жіктеліп, алаш қайраткерлері, ақын, жазушы қазақ әдебиетінің үш бәйтерегінің қазақ тілі мен әдебиетіне, публицистикаға қатысты мұраларын зерттеу, насихаттау мақсатын көздеді.
Мақала жанры бойынша Altynsarin institute «Педагогика және филология» факультеті «6В01701- Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Гүлнұр Еркінқызы қатысып, жүлделі I орынды иеленді.
Әдебиетінің үш бәйтерегі – Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған республикалық байқауға жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері мен 8-10 сынып оқушылары қатысты.
Жеңімпаз студентімізге Altynsarin institute-ның құрметті профессоры, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Шакирова Қатира Мирамқызы ғылыми жетекшілік жасады.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ