«Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі» атты психологиялық тренинг

«Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі» атты психологиялық тренинг

«Қазына» этнопедагогика және этнопсихология ғылыми орталығының ұйымдастыруымен «Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі» атты психологиялық тренинг өтті.

Шараның мақсаты – қыз балалардың қоғамдағы рөлі, өзін-өзі қалыптастыру әдебі тұрғысынан психологиялық кеңес беріп, имандылық, құқықтық тәрбие жөнінде ой-пікір алмасу болды.
Орталықтың ғылыми қызметкері Зәуре Тойшыбекқызы ұйымдастырған тренингке «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының аға оқытушылары Анар Еламанқызы мен Алтынай Қамшыбекқызы және 30-ға жуық студент қыздар қатысты.

Қатысушылар қыз намысы, жеке тұлға болып қалыптасудағы ұлттық тәрбиенің рөлі, білімді, кәсіби жетілген қыз баласының ой-санасы туралы өзекті бағыттарға басымдық беріп, кеңінен талқылады.

«Ана мектебі», «Жеңге» мектебінің дәстүрлі сабақтастығын дәріптеген шарада қыз әдебіне қатысты бейнероликтер көрсетілді.
«Педагогика және филология» факультетінің студенті Жұмағазы Мерей: «Бүгінде танымал болып жүрген ақылы коучтар саны өте көп. Ал, біздің оқу ордамыздың қабырғасында психолог мамандармен, «Қазына» орталығының қызметкерімен өткен бұл тренингтің олардан ешбір кемдігі жоғын байқадық. Ойымызды бүкпей айтып, еркін коммуникация құрдық. Осындай алаңның институтта болғандығы бізді қатты қуантады», - деді өз сөзінде.
Қатысушылар осы мазмұндағы психологиялық тренингтің жалғасын табарына сенім білдірді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ