Altynsarin institute-ның 3 курс студенттері үшін педагогикалық тәжірибе басталды
2023-2024 оқу жылының академиялық оқу жоспары бойынша 01.04-11.05.2024 аралығында 3 курс студенттері белгіленген Арқалық қаласы білім бөлімінің 11 мектебінде педагогикалық тәжірибеден өтеді.
Педагогикалық тәжірибенің мақсаты – болашақ педагогтардың оқу-тәрбие үдерісін жобалау, ұйымдастыру, іске асыру және кері байланыс жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту, кәсіби-педагогикалық бағытты қалыптарстыру.
Altynsarin institute-ның барлық білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан 230 студент мектеп базасына жіберілді.
Студент-тәжірибешілер педагогикалық тәжірибеден өту нұсқаулығымен танысып, өз жолдамаларын толтырды. Сонымен қатар, студент-тәжірибешіге арналған жадынамамен таныстыру шаралары жүргізіліп, ЖОО тәжірибе жетекшісі бекітілді.