Altynsarin institute мемлекеттің болашақ мұғалімдерін даярлайды

Altynsarin institute мемлекеттің болашақ мұғалімдерін даярлайды

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты – дала мектебінің негізін қалаушы Ыбырай Алтынсариннің есімін иеленген киелі Торғай топырағындағы 50 жылдан аса тарихы бар білім шаңырағы.

Елімізде 5 педагогикалық жоғары оқу орнының бірі – Altynsarin institute тәуелсіздік алған жылдан бастап он бес мыңнан астам мұғалім даярлап, төл түлегін түлеткен.
Ғафу Қайырбековтің «Торғайдың өзінен өзі туралы аңызы өсіп кеткен өлке, даң¬¬¬қы озып кеткен дала» деген сөзі көпшіліктің құлағына қалай таныс болса, ондағы білім шаңырағының да ел аузында мақтаулы екендігі құпия емес.
Ендеше, сіздерге ағымдағы жылдың жағымды жаңалықтарымен, ауыз толтырып айтатын жетістіктерін таныстырып өтейік.
Ғылым – оқу орнының негізгі даму драйвері болғандықтан, бұл бағытқа берілген басымдық та осал емес. Айталық, биылғы оқу жылында:
- Германия, Түркия, Индонезиядан 4 шетелдік ғалымды келіп, дәріс оқыды;
- ғылыми бағытты күшейту және халықаралық білім беруге интеграциялану мақсатында арнайы Ғылыми-зерттеу орталығы құрылды;
- бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 10 университетпен келісім-шарт жасалды (Индонезия, Түркия, Башқұртстан, Татарстан, Өзбекстан, Тәжікстан);
- соңғы 8 жылды араға салып, математика ғылымдарының PhD докторы Әлібек Ескермесұлы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2023» атағының иегері атанды;
- институт ғалымдары Scopus және WoS деректер базасының журналдарында 10 мақала жариялады (2022 жылы – 4 мақала).
- екі оқытушы PhD докторы дәрежесін алу үшін докторлық диссертацияларын сәтті қорғады (Татьяна Каратаева және Ерланова Г.Ж.);
- екі оқытушы докторантураға түсіп, грантқа ие болды (Алиева Г.С. және Айнура Гайсина);
- студенттер Түркіменстан және Орталық Азия елдері университеттері арасында өткен Халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды;
- академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 10 студентті Түркияның ең үздік университеттеріне барды (Мугла университеті және Нигде университеті);
- Польшаның ауыл шаруашылығы бойынша ірі инновациялық кәсіпорны саналатын Primavega мекемесінде 3 студент өндірістік-зерттеу тәжірибесінен өтті.

Бұл ғылыми потенциалды айшықтайтын нәтижелер болса, оқу орны орналасқан өңірдің ерекшеліктеріне басымдық беретін «Университеттің үшінші миссиясы» да қолға алынғандығын атап өтейік. Мәселен:
- университеттің Үшінші миссиясын орындау мақсатында арнайы 4 ғылыми орталықтың жұмысын қайта жаңғырды. Олар: психодиагностика және кеңес беру орталығы, инклюзивті білім беру орталығы, педагогикалық шеберлік орталығы, этнопедагогика мен этнопсихологияны зерттеу орталығы;
- студенттер қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысады. Студенттік кеңестер, Қазақстан студенттері альянсы, Жастар рухы бірлестіктері, «Саналы ұрпақ», «Жүректен жүрекке», «Линия успеха» атты волонтерлік қызмет топтары маңызды іс-шаралардың ұйытқысы әрі қолдаушысы болуда. Жалпы 600-ден астам студент қамтылған;
- институт студенттерінің ұйымдастыруымен қала азаматтары мен мектеп оқушыларының көшбасшылық қасиеттерін және сөйлеу мәдениетін дамыту үшін «Ақиқат» дебат клубы жұмыс істейді;
- спорт секцияларының жұмысын үйлестіру «Барыс» спортклубына жүктелген. Кәсіби мамандардың бастамасымен 8-ден астам түрлі спорт секциялары жұмыс істейді;
- оқу орнында «Күміс университет» жобасы іске қосылған. Бұл жоба аясында институт егде жастағы адамдарға заманауи IT-технологияларды, шет тілдерін үйрену, құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру курстарын қамтитын білім беру портфелін ұсынды. Нәтижесінде «Күміс университетті» 50-астам адам сәтті тәмәмдап үлгерді.
Сөз соңында, Altynsarin institute «Алты алаштың баласы бас қосқанда, төрден орын алатын мұғалім» мамандығын даярлайтын іргелі педагогикалық жоғары оқу орны. Сіздердің назарларыңызға жетістіктердің жекелеген емес жалпы сипаттамасын ұсындық. Алдағы уақытта бұл белестердің еселенеріне ешбір күмән жоқ!

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ