«Жемқорлыққа жол жоқ!» атты ашық диспут
Altynsarin institute-да Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жоқ жоқ!» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы диалогтық алаң өтті.
Іс-шараның мақсаты – жоғары оқу орнындағы студенттер үшін жемқорлыққа төзімділіктің нөлдік иммунитетін қалыптастыру.
«Жас Орда» студенттер қозғалысы, оның ішінде барлық белсенді ұйымдардың көшбасшылары мен белсенділері қатысқан ашық диспутта студенттік омбудсмен Диханбек Ақнұр мен «Ақиқат» дебат клубының өкілі Темірхан Таңшолпан спикерлік етті.
«Педагогика және филология», «Жаратылыстану және ақпараттандыру», «Тарих және өнер» факультеттерінің студенттері ашық микрофонда өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Оқу ордасының басты стратегиялық мақсаттарының бірі – академиялық адалдықты ұстану бағытында бірнеше өткір тақырыптар көтерілді.