Қазақ тіліндегі жасанды интеллектіні дамыту, ұлттық корпусты жетілдіру мәселелері бойынша жиын өтті
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Д.Ахмед-Закидің төрағалығымен «Қазақ тіліндегі жасанды интеллектіні дамыту, ұлттық корпусты жетілдіру мәселелері бойынша» жиын өтті.
Аталған жиынға ғылыми-зерттеу институттары және жоғары оқу орындарының басшылары, проректорлары, ғалымдары мен өкілдері қатысты.
Шара барысында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО-бас директоры М.Жұмабай, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры А.Фазылжан, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «Жасанды интеллект» ғылыми-зерттеу институтының директоры Ә.Барлыбаев, Назарбаев университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының деректер талдаушысы Р.Ешпанов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі М.Мансұрова қазақ тілінің корпустарынА қатысты баяндама жасап, ой-пікірлерімен бөлісті.
Үш жүзге жуық адамды қамтыған кездесуде вице-министр Дархан Ахмед-Заки қазақ тілінде жасанды интеллект құрудың мүмкіндіктерін ескере, оқу орындарында жинақталған мәтіндік, аудио, бейнеконтенттің үлкен көлемін талап ететінін атап өтті.
Жиын соңында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Назарбаев университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасында өзара ынтымақтастық меморандум жасалып, ғылыми байланыс күшейтілді.
Айта кетейік, ұлттық корпусты әзірлеушілердің жұмыстары мен жоспарлары талқыланған жиынға Ы.Алтынсарин атынағы АрқПИ-дің Ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Ж.Байсеитова мен Маркетинг және коммуникация бөлімінің баспасөз хатшысы К.Қанат қатысты.