Altynsarin institute-да «Педагогикалық білім беру әлеуетін арттыру» жобасы аясында біліктілікті арттыру курстары өтті

Altynsarin institute-да «Педагогикалық білім беру әлеуетін арттыру» жобасы аясында біліктілікті арттыру курстары өтті

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитеті «Орта білім беруді жаңғырту» жобасын іске асыру шеңберінде 2024 жылғы қаңтарда Жоғары оқу орындарының оқытушыларын әзірленген білім беру бағдарламаларын масштабтау бойынша оқыту жұмыстарын өткізді.

2024 жылдың 8 қаңтарынан 19 қаңтарына дейін Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының оқытушылары «Педагогикалық білім беру әлеуетін арттыру» жобасы аясында Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Дүниежүзілік банк ұйымдастырған біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Оқытудың мақсаты – білім беруді жаңғырту жағдайында педагогикалық құзыреттілік салаларын арттыру және оқу бағдарламаларын (силлабустар) әзірлеу арқылы кәсіби құзыреттіліктерді түсінуді тереңдету.
Жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамына арналған оқыту бағдарламасы педагогикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын 42 жоғары оқу орнынан 1800 ПОҚ-ты оқытуды қамтыды.
Оқу бағдарламасы 72 оқу сағатынан тұрды , соның ішінде:
● бағдарлау апталығы бойынша онлайн семинар (2 сағат),
● синхронды онлайн оқыту (29,5 сағат),
● офлайн оқыту (30 сағат),
● өзін-өзі және топтық тапсырмалар (6,5 сағат), сондай-ақ өздігінен оқуға арналған материалдар (4 сағат).
ПОҚ-ты оқыту қарқынды офлайн апталардан, онлайн-сессиялардан, сондай-ақ қажетті материалдарды ұсыну, тақырыптық вебинарлар өткізу және онлайн тәлімгерлік түріндегі курстан кейінгі қолдаудан тұрды.

ПОҚ оқыту жаратылыстану және математика, гуманитарлық ғылымдар, арнайы білім сынды бағыттар бойынша жүргізілді.
Барлық әзірленген материалдар халықаралық және жергілікті негізгі сарапшылардың, 50 Ұлттық жаттықтырушының, сондай-ақ оқытылған 1800 ПОҚ бірлескен жұмысының нәтижелерінде жүзеге асты.
Біліктілікті арттыруды бағалау уақтылы кері байланыс пен үздіксіз дамумен қамтамасыз етілетін оқу процесіне негізделді.
Оқыту апталарында қатысушылар білімді бірлесіп құруға және педагогикалық принциптер мен тәсілдер туралы жалпы түсінікті дамытуда әртүрлі белсенді әдістерді пайдаланды. Онлайн сессиялар Zoom көмегімен өткізілді. Ал,и«LearningCafé» және «Gallerywalk» сияқты белсенді және интерактивті оқыту әдістерін ұлттық жаттықтырушылар топтық сабақтарда қатысушыларды оқу процесіне тарту үшін пайдаланды, сонымен қатар Mentimeter.com, AnswerGarden немесе Flinga сияқты цифрлық құралдар кеңінен қолданылды.
Айта кетейік, Altynsarin institute-нан кең көлемді педагогикалық біліктілікті арттыру курсына 63 ПОҚ қатысып, белсенді оқытудың цифрлық технологиялары мен әдістемелерін қолдануды, оқытуды бағалауды әзірлеу және бағалау критерийлерін жасауды меңгеріп шықты.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ