Altynsarin institute-да жастар басқармаларының белсенділері ашық микрофонда бас қосты
Altynsarin institute-да Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты орталығына қарасты «Жас Орда» жастар бірлестігінің белсенділерінің қатысуымен кездесу өтті.
Оқу орнының қабырғасында ІІ семестрде жүзеге асқан ашық микрофон алаңының мақсаты – студенттік бірлестіктердің екінші жартыжылдық жоспарын талқылап, қоғамдық белсенділіктің маңыздылығы туралы ой өрбіту.
Іс-шара барысында микронесиелер, әлеуметтік желідегі белсенділік, жеке қауіпсіздік, жақсы орта, уақытты тиімді пайдалану сынды әртүрлі бағыттағы тақырыптар көтерілді.
Ашық микрофон айдарында 4 спикер таңдалған тақырып шеңберінде мардымды мәліметтер ұсынып, қатысушылармен тығыз қарым-қатынаста кері байланыс жасады. Олар:
- Педагогика және филология факультетінің студенттік деканы Оңдасынова Айсезім;
- М.Дулатұлы атындағы әдеби-мәдени бірлестік уәкілі Жақсылық Аэлита;
- Қазақстан студенттер альянсы филиалының көшбасшысы Диханбек Ақнұр;
- Тарих және өнер факультетінің студенттік деканы Болатова Жазира.
Айта кетейік, студенттер арасында өткен мұндай ашық микрофон Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ-да дәстүрге айналған.
Кездесу соңында қатысушы студенттер келесі ашық микрофон айдарының тақырыбын отбасы құндылықтары турасында өтуін ұсынды. Әдеби-мәдени, спорттық, дебат, жайдарман, волонтерлық қозғалыстардың көшбасшылары қатысқан бұл формат студенттер арасында жоғары беделге ие екендігін естеріңізге саламыз.