Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары талқыланды
2024 жылдың 18 қаңтар күні Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында «Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары» тақырыбында ІІБ қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесу мақсаты – ЖОО студенттері арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Жастарға мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіптің алғышарттарын таныстырып, кеңінен насихаттау.
Кездесу 4 курс студенттері үшін офлайн, 1-3 курс студенттері үшін онлайн форматта өтті.
Іс-шараның бас спикері Арқалық қаласының жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскілік полиция инспектор бөлімінің бастығы, полиция майоры Утегенов Медет Утегенұлы болды. Ол өңірдегі құқық бұзушылық сипаты бар оқиғаларды мысалға келтіріп, әр студенттің өмірі мен қауіпсіздігі қорғалғаны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, Медет Утегенұлы: «Әр студент заңды тұлға және өзге тұлғаның жеке басына қол сұғуына заңмен тыйым салынады. Азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының біріне айналып отыр»,-деді.
Шара барысы спикер мен студенттер арасындағы диалогпен белсенді жалғасты.
Айта кетейік, Altynsarin institute-ның қабырғасында мұндай шаралар оқу жылында бірнеше мәрте жүзеге асады.