Altynsarin institute-да мобильді планетарий іске қосылды

Altynsarin institute-да мобильді планетарий іске қосылды

2023-2024 оқу жылында Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ оқу үрдісінде астрономия пәніне қажетті мобильді планетарий орнатылды.

Планетарий – астрономия, космонавтика және Жер туралы ғылымдар бойынша көпшілікке арналған ғылыми-ағарту мекемесі. Мұнда дәрістер астрономиялық құбылыстарды көрсетумен қабат жүргізіледі.
Диаметрі 4 м, биіктігі 2,8 метр биіктікті құрайтын сандық планетрийдің сыйымдылығы 10-20 адам. Мұнда 75-тен аса арнайы видео фильмдер жинақталып, 3D форматында көрсетіледі.
Планетарийде аспан сферасы жұлдыздармен, планеталармен жер серіктерімен, кометалар және метеорлармен бірге демонстрацияланады; күн және ай тұтылуын, Ай, Марс, Шолпан панорамасын және Жер шарының климаттық белдеулерін көруге болады. Демонстрация арнайы «Планетарий» аспабы арқылы жасалады.
Физика, физика және информатика білім беру бағдарламасының жетекшісі Анар Кабдыгалиевна: «Қазіргі уақытта Физика, физика және информатика, Математика және физика білім беру бағдарламасының студенттері сандық құрылғыны астрономия пәнінде қолданысқа енгізіп, теориялық білімді тәжірибе алаңында байқап көруде. Ішінде аспан айналып тұрғанда, қараңғыда қарап отырған кісіге Күн, Ай, Планеталар, жұлдыздар көкжиектен туып, көтеріліп барып батқан сияқты болып көрінеді», – деді өз сөзінде.

Айта кетейік, Altynsarin institute-да бұл аспап орталық фойеде орнатылған. Мұнда түсіндіретін маман жасанды аспанды көрсете отырып, әлемнің құрылысы туралы терең мәліметтермен бөліседі. Бұл өз кезегінде қаңтар-ақпан айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге келген талапкерлерге бір сәт аспан әлеміне саяхат жасауға әрі ғаламдық әсер алуға тамаша мүмкіндік сыйлауда.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ