Altynsarin institute оқытушысын “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағымен құттықтаймыз

Altynsarin institute оқытушысын “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағымен құттықтаймыз

2023 жылғы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын Altynsarin institute жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің деканы, PhD Әлібек Ескермесұлы иеленді.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінде "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті. Комиссия құрамына ҮЕҰ, жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері және білім беру саласындағы сарапшылар енгізілді.
Конкурсқа еліміздің 80 жоғары оқу орнынан барлығы 768 үміткер қатысты, оның ішінде біздің ЖОО да бар.
Конкурстық іріктеу нәтижесінде "ЖОО-ның үздік оқытушысы" атағын беруге 43 қазақстандық ЖОО-дан 150 үміткер анықталды.
Олардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алады. Ақшалай ынталандырудан басқа, "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" байқауының жеңімпаздары төсбелгіге ие болады.
Конкурс жыл сайын оқытушы мамандығының беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамуға ынталандыру мақсатында өткізіледі. Конкурста электрондық оқу ресурстарын, материалдарды әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т.б. сияқты көрсеткіштер бағаланды.
Айта кетейік, байқау ҚР ХӘҰ ақпараттық жүйесі базасында өтті, ол арқылы қатысушылар барлық кезеңдердің ашықтығын байқай алды. "ЖОО – ның үздік оқытушысы-2023" конкурсына қатысу үшін өтінімдер мен құжаттар электрондық форматта қабылданды. Бұл байқауды өткізудің ашықтығын қамтамасыз етті.
Altynsarin institute ұжымы мен қызметкерлері 2023 жылғы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" грантының иегері Әлібек Ескермесұлын оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысындағы жемісті еңбегі мен жетістіктері үшін шын жүректен құттықтайды.
Шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер, қызықты идеялар және одан әрі өркендеу тілейміз!

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ