«Science, personality and education in an era of change» тақырыбындағы халықаралық вебинар

«Science, personality and education in an era of change» тақырыбындағы халықаралық вебинар

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсан күні «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының ұйымдастырумен «Өзгерістер дәуіріндегі ғылым, тұлға және білім» тақырыбында халықаралық вебинар өтті.

Негізгі мақсаты – өзгерістер дәуірінде ғылым және білім саласында заман талабына сай заманауи, білікті мамандарды қалыптастыру, жаңартылған білім беру мазмұны аясында педагогтардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге әдістемелік қолдау көрсету, оқытушылардың жұмыс тәжірибесін кеңейту және инновациялық педагогикалық қызмет мәні мен мазмұны туралы білімдер жүйесін жетілдіру.

Вебинарға отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары мен мектеп мұғалімдері қатысып, жаһандық тенденциялардың түрлі аспектілері бойынша сараптамалық баяндама жасады.
Атап айтқанда, әлемдік оқу орны Словакиядан Alexander Dubcek University- нің PhD докторы Eva Smetanova «Contemporary Language Education and Teacher's Personality», Түркиядағы Niğde Ömer Halisdemir Üniversity-нің PhD докторы Hikmet Koras «Түркия және Қазақстан университеттерінің құрылымы» тақырыбында сыни көзқарастарын білдірді. Ал, Esil University (Астана қ.) «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Байдрахманов Досым Хасенұлы «Scopus мәліметтер базасында индекстелген журналдарға мақала жазудың алғышарттары», Zhezkazgan University-нің оқытушысы п.ғ.к., Зәмзәгүл Қашқынбаева Жанайдаровна «Peculiarities of teaching and learning in the 21 century» тақырыбында салмақты ғылыми тұжырымда шығарды.

Вебинар барысында Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Қурманбаева Ажар Балтабаевна «Цифровые инструменты развития грамматических умений на уроках английского языка» тақыры бойынша сөз алып, орта білім беру мәселелерінің өзекті тұстарына тоқталып өтті.
«Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының жетекшісі, аға оқытушы, педагогика және психология ғылымдарының магистрі Асанова Асел Қарлыбайқызы да «Қазіргі педагогикалық білім берудегі болашақ мұғалімдердің компетенциялары мен рөлі» тақырыбында кеңінен ой қозғап, спикерлермен өзара пікір алмасты.
Айта кетейік, оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелердің бір қатарына тоқталған вебинардың кіріспе сөзін филология және педагогика факультетінің деканы Қалиев Айбек Киікбайұлы қатысушыларға сәттілік тілеумен ашты.
Нәтижесінде, қатысушыларға сертификаттар табыс етіліп, сәтті ой алаңының қорытындысы кофе-брейкпен жалғасты.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ