"Тарих" білім беру бағдарламасы: ғылым және методология

"Тарих" білім беру бағдарламасы: ғылым және методология

Тарих және өнер факультеті «Тарих» білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен апта ішінде ғылыми-сарапшылық көзқарастар тоғысқан ғылыми семинарлар өтті.

Шара барысында тарих ғылымының даму динамикасы мен методологиясы кеңінен талқыланған семинар «Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жетекшілік жасау» және «Жаңа әлемдегі – жаңа тарих: оқытудың заманауи технологиялары» тақырыбында жүргізілді.


Түркия мемлекетінен келген Нигде Омер Халисдемир университетінің ғалымдары Хикмет Қораш «Түркиядағы түркологияны оқыту әдістемесі» тақырыбында мазмұнды мәліметтер ұсынса, тарих ғылымдарының докторы Мехмет Экиз «Түркиядағы тарихты оқыту әдістемесіне» жіті тоқталды. Шетелдік ғалымдардың оқыту тәжірибелері баяндалған семинарға оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы мен мектеп мұғалімдері қатысты.


«Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жетекшілік жасау» ғылыми семинарында «Тарих» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Елеусов Баубек Аймаханұлы өзінің кіріспе сөзімен ашты.
Өз сөзінде ол аталған семинар шетелдік ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырылатынын және бұл ынтымақтастық ЖОО-ның ғылыми қызметкерлері үшін үлкен халықаралық тәжірибе алуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Педагог-зерттеуші Молдахметова Роза Карбозовна ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кейстерді ұсынды, ал аға оқытушы М.С.Өтеулі «Қазақстан Республикасындағы Ғылымның дамуы» тақырыбында презентация жасады.


«Жаңа әлемдегі – жаңа тарих: оқытудың заманауи технологиялары» тақырыбында жүзеге асқан екінші семинар жұмысында Арқалық қаласы және алыс-жақын елді-мекен мектептерінің мұғалімдері қатысты.
Мәселен, М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің педагог-зерттеушісі К.Ш.Алимгазина «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында тарих пәнін оқытудағы белсенді оқыту әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі» тақырыбында баяндама жасады.
Ал, Кейкі батыр атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі С.Ж.Бекентаев «Тарих сабағында сандық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың бойында шығармашылық пен тарихи сананы қалыптасыру» тақырыбындағы баяндамасында заманауи сандық технологиялардың түрлерін ұсынды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Г.С.Нургазина «Кәсіптік білім беру жүйесінде тарих пәнің оқытудың ерекшелегі» жайлы өзінің жеке әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Семинар жұмысы белсенді пікірталас форматында өтті, ұсынылған баяндамаларды талқылау
проблемалық өрістің әртүрлі аспектілерін анықтауға мүмкіндік берді.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде тарих және өнер факультетінің деканы Г.С.Конкина барлық қатысушылар мен қонақтарға алғысын білдіріп, сертификат табыс етті.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ