Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект туралы онлайн вебинар

Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект туралы онлайн вебинар

2023 жылдың 14 желтоқсанында Altynsarin institute оқытушылары мен қызметкерлері «TAUAN» қоғамдық қоры «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-мен бірлесіп ұйымдастырған цифрлық сауаттылық бойынша білім беру вебинарына қатысты.

Ғылыми-іскерлік бағдарлама аясында киберқауіпсіздік және академиялық ортада жасанды интеллектіні пайдалану мәселелері талқыланды.
Ұйымдастырушылар мәлімдеген негізгі мақсат – университеттердің білім алушыларын ақпараттық қауіпсіздік мәселелері саласына тарту және оқыту, киберқауіпсіздік саласында бастапқы қолданбалы және практикалық дағдыларды алу және дамыту, киберқауіпсіздік мәселелерін шешу үшін жасанды интеллект технологияларын құру және ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Қор өкілдері өз баяндамаларында кибер шабуыл сценарийлері, осалдықтар, тәуекелдер, ақпараттық қауіпсіздік тобындағы міндеттерді бөлу және фишинг сияқты тақырыптар бойынша тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті. Қатысушылар оқуда ғана емес, сонымен қатар болашақ кәсіби қызметінде де қолдана алатын көптеген пайдалы ақпарат алды.
Вебинарға қатысушылар аймақта киберқауіпсіздік пен жасанды интеллектке қатысты мәселелерге байыпты қарайтынын атап өтті. «Бүгін біз компьютерлік шабуылдарды бақылау және анықтау және ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын талдау, ақпаратты қорғау құралдарын баптау және қолдану саласында қажетті білім алдық», – деп олар өз әсерлерімен бөлісті.
Вебинар жасанды интеллектті басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды ұжымдық әзірлеумен аяқталды. Кездесу қорытындысы бойынша әр қатысушы сертификат алды.
Айта кету керек, Digital bridge 2023 халықаралық форумында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі таңда ЖОО пәндерін оқытудың мазмұны мен әдістерін айтарлықтай жаңарту қажет екенін атап өтті. «Болашақ мұғалімдер, дәрігерлер, агрономдар, заңгерлер, өзге де сала мамандары міндетті түрде жасанды интеллект туралы негізгі білімге ие болуы керек»,-деді ол өз сөзінде.
Аталған тренингтерді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті (№ грант. BR 21882302 қазақстандық қоғам цифрлық трансформация жағдайында: перспективалар мен тәуекелдер) «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ қатысуымен қаржыландырады.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ