Altynsarin institute студенттері халықаралық олимпиада жеңімпаздары атанды

Altynsarin institute студенттері халықаралық олимпиада жеңімпаздары атанды

Altynsarin institute студенттері өздерінің топ жарған үздік екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді!

2023 жылы 7 желтоқсанда Довлетмаммед Азади атындағы Түркімен ұлттық әлем тілдері институты ұйымдастыруымен Түркіменстан және Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындары арасында өткен халықаралық орыс тілі олимпиадасында АрқПИ студенттер бірінші орынды иеленді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – Түркіменстан мен Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан, орыс тілін жоғары деңгейде көрсете алатын дарынды студенттерді анықтап, теориялық және практикалық білім деңгейін бағалап, олардың сөйлеу дағдыларын жетілдіруге деген ұмтылысын ояту.
Altynsarin Institute-нан олимпиадаға «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша 2 және 3 курстың 15 студенті қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 3 курс студенттері Ирода Мадаминова мен Умида Шакирова, 2 курс студенті Хасен Жанель жүлделі І орынды иеленді. Ал, 4 курс студенті Дәрібай Жадра мен 3 курс студенті Ян Дария ІІІ орынмен марапатталды.
Айта кетейік, зияткерлік сайысқа Қазақстан, Қытай, Тәжікстан, Түркіменстан, Ресей, Өзбекстан елдерінен 300-ден астам студент қатысты.
Халықаралық олимпиаданың нәтижелері Довлетмаммед Азади атындағы Түркімен ұлттық әлем тілдері институтының ресми сайтында жарияланды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ