«Мектепке дейінгі білім берудің басым бағыттары» тақырыбындағы республикалық ғылыми-әдістемелік семинар

«Мектепке дейінгі білім берудің басым бағыттары» тақырыбындағы республикалық ғылыми-әдістемелік семинар

Altynsarin institute-да «Мектепке дейінгі білім берудің басым бағыттары» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Шараның жүзеге асуына педагогика және филология факультеті «6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мен «6В01202 – Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі және педагог-психолог» білім беру бағдарламасы ұйытқы болды.
Мақсаты – студенттер арасында ғылым мен білім ұмтылыстарын сүйемелдеу, мектепке дейінгі білім берудің басым бағыттары жөніндегі құзыреттіліктері мен зерттеу дағдыларын дамыту. Педагог-тәрбиешілердің кәсіптік біліктілігін жетілдірудің әртүрлі әдістемелерді ұсыну, жаңашыл әдіс-тәсілдер жайында ғылыми-теориялық тұрғыда түсініктерін қалыптастыру.

Шараға ZOOM платформасы арқылы өзге де республикалық ЖОО ғалымдары, қала ішіндегі балабақша тәрбиешілері, мамандық студенттері мен оқытушылар қатысты.
«6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «6В01202 – Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі және педагог психолог» білім беру бағдарламасының жетекшісі Роза Есентаевна «Мектепке дейінгі білім беруде тәрбиешінің ғылыми ізденіс қабілеттерін жетілдіру жолдары» тақырыбында баяндама оқып, студенттерге өз мамандықтарын ғылыми шығармашылықпен ұштастыру мүмкіндіктері туралы сөз қозғады.

Семинар барысында ғалымдар тәжірибелерімен бөлісіп, тәрбиешілер шеберлік сыныптарын көрсетті және болашақ тәлімгерлерге үлкен мотивация болды деуге толық негіз бар.

Айта кетейік, республикалық ғылыми-әдістемелік семинар С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде өткен «Қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының аясында ұйымдастырылды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ