Altynsarin institute-ның студенттері шетелдік студенттерге арналған II Ақмулла олимпиадасының жеңімпаздары атанды

Altynsarin institute-ның студенттері шетелдік студенттерге арналған II Ақмулла олимпиадасының жеңімпаздары атанды

Ресей Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Уфа қаласының М.Ақмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінде 10 ақпан мен 30 наурыз аралығында шетелдік студенттерге арналған ІІ Ақмулла олимпиадасы өтті.

Қазақстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Колумбиядан 138 шетелдік студенттердің қатарында Altynsarin institute-ның 16 студенті бар.
Байқау орыс тілі, математика, биология, физика және ағылшын тілі бағыттары бойынша жүзеге асты. Институт бойынша «Математика» бағытында А.Р.Дуйсенова, А.К.Мұхтар, Э.Абдрахманов, А.С.Султангазы, Э.Хамзина, «Физика» бағытында А.Н.Апрелова, А.С.Дуйсенова, «Биология» бағытында А.К.Ташкенбай, С.О.Шекербек, А.Т.Галиева, Д.С.Сейткаримова, Д.А.Кунгозиева, Ж.Г.Сабит, «Ағылшын тілі» бағытында В.М.Толстыкина, А.Р.Айтчанова, Б.Сандыгали қатысты.
Нәтижесінде, «6B01706 – Ағылшын тілі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Толстыкина Вероника мен «6B01509 – Физика және информатика» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Арайлым Апрелова жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, «6B01501 – Математика» білім беру бағдарламасының қос студенті Актурган Дуйсенова мен Айым Мұхтар жүлдегер атанса, «6B01505 – Биология» білім беру бағдарламасының студенті Аделина Ташкенбай резервтік тізімге өтті.
Қазылар алқасы мен әдістемелік комиссия мүшелерінің шешімімен Ақмулла университетінің магистратурасында бюджеттік оқуға квота алу құқығын алатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ