Педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша өндірістік тәжірибенің қорытынды конференциясы өтті

Педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша өндірістік тәжірибенің қорытынды конференциясы өтті

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында барлық білім беру бағдарламалары бойынша 4 курс студенттері 04.09-11.11.2023 аралығында өндірістік тәжірибеден өтті.

Өндірістік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес практика базалары ретінде ұйымдар айқындалып студенттер өздері бекітілген қала және аудан мектептерінде болды.

Тәжірибе студенттерге кәсіби жұмыс дағдыларын игеру, теориялық оқыту процесінде алған білімдерін тереңдету және бекіту мақсатында жұмыстық оқу жоспарлары мен академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізілді.
Altynsarin Institute-да барлық білім беру бағдарламаларың студент-тәжірибешілері өндірістік тәжірибенің қорытынды конференциясында өз есептерін қорғады.

Конференцияда студенттің практика барысындағы атқарған жұмыстары мен кәсіби міндеттері, психологиялық-педагогикалық іс-шаралардың атаулары мен олардың мазмұны, практиканың оң және теріс кезеңдері, практиканың ұйымдастырылуын жақсартуға арналған студенттердің тілектері қамтылып көрсетілді.
Қорытынды конференцияға студент практика барысындағы жұмысын және оның нәтижелерін көрсететін 5-минуттік баяндама дайындап, профессор-оқытушылық құрамның алдында сәтті қорғады.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ