Altynsarin institute мектеп оқушыларына домбыра тарту етті

Altynsarin institute мектеп оқушыларына домбыра тарту етті

Елімізде дәстүрлі түрде 1 шілде – Ұлттық домбыра күні аталып өтеді. Айтулы мереке қарсаңында ағымдағы жылы Арқалық қаласының әкімі Асанов Әмірхан Біркенұлының бастамасымен «Домбыраның күмбірі – бар қазақтың бірлігі» атты қалалық 1500 домбырашылардың күй тартысы өткендігін еске сала кетейік.

Ұлттық сипатқа ие шараға дайындықты пысықтау үшін Altynsarin Institute-да «Күмбірле домбыра» атты іріктеу кезеңі өткен. Қалалық флешмобта бекітілген 7 күйді қамтыған институтішілік шарада қатысушыларды ынталандыру мақсатында Басқарма Төрағасы-Ректор Ержан Әмірбекұлы арнайы жүлде қорын тағайындады.
150 қызметкерді қамти, 5 командаға жіктелген сайыста «Саранжап» тобы топ жарғандығын айта өтейік.
Нәтижесінде «Саранжап» тобы 2023-2024 оқу жылында Арқалық қаласындағы А.Құнанбаев атындағы №6 орта мектеп-гимназиясы оқушыларына естілік сый ретінде 3 дана домбыраны табыс етті.
Топ жетекшісі Сарсенкул Қуандыққызы Махина команда мүшелерімен бірге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп жүрген мектеп-гимназиясындағы сый тарту етілген оқушылардың өнеріне куә болып қайтты.

Мектеп әкімшілігі және оқушылар Altynsarin Institute-на ұрпақтар сабақтастығының әдемі көрінісі үшін өз алғыстарын жеткізді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ