Басқарма Төрағасы-Ректор Ержан Әмірбекұлы қоғам алдында есеп берді

Басқарма Төрағасы-Ректор Ержан Әмірбекұлы қоғам алдында есеп берді

Ағымдағы жылы қараша айының 15-і күні Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының Басқарма Төрағасы – Ректор Ержан Әмірбекұлы 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша қоғам алдында есептік кездесу өткізді.

Есеп беру жиынына Altynsarin Institute-ның ұжымы, ғылыми-педагогикалық қауым, жұмыс берушілер мен студенттер, қала ардагерлері, жергілікті қатысуға ниетті азаматтар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Ректор өз есебінде жоғары оқу орнының кадрлық әлеуеті, білім алушылар контингенті, білім беру бағдарламалары, оқу процесі, институттағы ғылыми-зерттеу жұмысы және халықаралық ынтымақтастық, белсенді түрде жүзеге асып жатқан тәрбие жұмысы, материалдық-техникалық база және қаржы-шаруашылық қызметі туралы егжей-тегжейлі талқылап, тоқталып өтті.
Жиында Ержан Әмірбекұлы профессор-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежелілігінің динамикасы алдыңғы оқу жылына қарағанда 11,4%-ға өскендігін, оқытушылық қызметке қоса атқарушы ретінде педагог-практиктер тартылып, 2022-2023 оқу жылына олардың үлесі 6,7%- ды құрайтындығын атап көрсетті.
Институт ұжымы өз алдына шетелдік студенттерді тарту есебінен білім алушылар контингентін ұлғайту міндетін қояды. Осыған байланысты институт Ташкент экономикалық және педагогикалық институтымен (Өзбекстан), Садриддин Айни атындағы Тәжік мемлекеттік педагогикалық университетімен (Тәжікстан) келісім-шарттар жасасты. Махтумкули атындағы Түрікмен мемлекеттік университетімен, Сейітназар Сейди атындағы Түрікмен мемлекеттік педагогикалық институтымен, Довлетмаммед Азади атындағы Түрікмен ұлттық әлем тілдері институтымен алдын ала ауызша келісім бар.
Халықаралық білім беру және ғылыми кеңістікке интеграциялауға бағытталған жұмыс бойынша Жешув университеті (Жешув қ., Польша), Экономика университеті (Быдгощ қ., Польша), Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті (Пермь қ., Ресей), Омбы гуманитарлық академиясы (Омбы қ., Ресей), Ташкент экономикалық және педагогикалық институтымен (Ташкент қ., Өзбекстан) өзара ынтымақтастық орнатылған.
Сонымен қатар, Ержан Әмірбекұлы институт магистратураның білім беру бағдарламаларын ашу мақсатында лицензияға қосымшалар алуға өтінім беру жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын, білім алушылар контингентін 5000 адамға дейін, оның ішінде шетелдік студенттерді тарту және магистратураның білім беру бағдарламаларын іске асыру есебінен ұлғайту жоспарын, жергілікті атқарушы органдар институттың материалдық базасын кеңейту үшін бұрынғы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ғимаратын қалпына келтіру бойынша қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарын жұртшылық назарына ұсынды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ