«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауы

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру комитеті жыл сайын өткізетін дәстүрлі байқау. Республикалық конкурстық комиссия мамандық бойынша үздіктердің үздігін таңдап алып, олардың жетістіктерін атап өтеді. «Үздік ЖОО оқытушысы» байқауының жеңімпаздары ақшалай ынталандыру сыйлығымен қоса төсбелгі алады.

Байқаудың мақсаты – жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының кәсіби-педагогикалық мәдениетін арттыру, оқытушыларды кәсіби тұрғыда одан әрі шыңдалуға ынталандыру болып табылады. Конкурсқа қатысуға 5 жылдан кем емес үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар, педагогикалық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері бар оқытушылар жіберіледі. Университеттің оқытушылары қатарында саналатын үміткерлер конкурсқа қатысу үшін құжаттарын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы тапсырды.
Конкурс екі кезеңнен тұрады: жоғары оқу орнында және республикалық кезең.
2023 жылдың 1-10 қарашасы аралығында Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық конкурсының институтішілік бірінші кезеңі өтті.
Биылғы жылғы конкурсына ЖОО-ның штаттық оқытушылары қатарынан қатысатын үміткер Әлібек Ескермесұлы (PhD) өтінім берді.
Сараптама тобымен жүзеге асырылған корытындысы бойынша, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының І ішінаралық кезеңі аясында сарапшылық тобы дауыс беру және алынған ұпайлар нәтижесінде «ЖОО үздік оқытушысы» байқауының 2-кезеңіне қатысуға өтініш берген PhD докторы Әлібек Ескермесұлын таңдады.

Ғылыми кеңес мәжілісінің хаттамасын көру

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ