Altynsarin institute-да орыс тілінен дәстүрлі  III пән олимпиадасы өтті

Altynsarin institute-да орыс тілінен дәстүрлі III пән олимпиадасы өтті

2023 жылғы 16 қарашада Арқалық қаласындағы жалпы орта білім беретін мектептердің 9 сынып оқушылары арасында «Орыс тілі» пәнінен олимпиада өтті.

Пән олимпиадасының ұйымдастырушылары Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, «Педагогика және филология» факультетініне қарасты «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламалары болды.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың орыс тілін тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын арттыру, зияткерлік жарыстарға қатысуға және орыс тілі бойынша білімдерін бағалауға мүмкіндік беру.

Олимпиадаға қаланың жеті мектебінен және жақын елді мекендерден бас-аяғы 16 оқушы қатысты.
Қатысушыларға білім беру бағдарламасының жетекшісі Б.Н.Тургумбекова бастаған бір топ профессор – оқытушылар құрамы п.ғ.к., доцент З. Ш. Колдасбаева, аға оқытушы Г.С.Жумабаева, аға оқытушы Қ.С.Нұрсали төрелік етіп, бағалады.
Байқау соңында «Педагогика және филология» факультетінің деканы А.К.Қалиев олимпиаданың сәтті жалғасын тапқаны ризашылығын білдіріп, қатысушыларға өз алғысын жеткізді.
Қазылар алқасының бірлескен шешіміне сәйкес қатысушыларға төмендегі дипломдар табыс етілді:
Орыс сыныптары бойынша:
• І дәрежелі дипломмен Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушысы Майстепанова Анастасия;
• ІІ дәрежелі № 10 мектептің оқушысы Давлетгалиева Аружан;
• ІІІ дәрежелі дипломмен Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушысы Сагандыкова Құралай;
Қазақ сыныптары бойынша:
• І дәрежелі дипломмен Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушысы Амантай Айлана;
• ІІ дәрежелі дипломмен Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушысы Ахмедова Рамина;
• ІІІ дәрежелі дипломмен Кейкі батыр атындағы №4 мектептің оқушысы Абдибек Сумая.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері Е.А.Сысоева, А.С.Сейдалина, А.С.Юлмухамедова, Г.Т.Дюсембаева, Е.В.Астраханцеваны декан А.К.Қалиев алғыс хаттармен марапаттады.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ