ҚР ұлттық валютасының 30 жылдығына орай тәулік бойы онлайн форматта кітап көрмесі ұйымдастырылды

ҚР ұлттық валютасының 30 жылдығына орай тәулік бойы онлайн форматта кітап көрмесі ұйымдастырылды

2023 жылдың 15 қараша күні Altynsarin Institute-да Ұлттық валюта – теңгенің айналысқа енгізілгеніне 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздік нышаны – төл теңге» атты кітап көрмесі өтті.

Оқырмандарға мемлекеттің егемендігін айқындайтын бірден-бір белгі – теңгенің тарихы, өзгеруі мен оның түрленуі жайында және ұлттық ақша айналымы жөнінде мағлұмат беру, оқырмандарды кітапхана кешеніне тарту мақсатында жүзеге асқан шара «Ақпараттық-кешендік кітапхананың» ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Шара барысында студенттерге ұлттық валютаның шығу тарихы туралы деректі фильмінен үзінді көрсетіліп, көрмеге қатысушылар арасында валюталық қарым-қатынастарды нығайтудағы теңгенің қызметі, тарихы, оның қолданыстағы маңызы сынды мәселелер талқылады. Сонымен қатар, зияткер ой жүйріктері танымдық сұрақтарға жауап беріп, бәсекеге түсті.
Көрмеде кітапхана қорындағы Е.Томас Гарманның «Жеке қаражат», «Аудит» (ред.Подольский), Т.Гойердің «Мемлекеттік қаржы», М.Грегоридің «Экономикс» атты кітаптарымен және басқа да қаламгерлердің қаржы саласына арналған басылымдары көпшілік оқырмандар назарына ұсынылды.
Ең қызығы, көрмеге қызығушылық танытқан көрермен, виртуалды тамашалауға мүмкіндік алғандығын атап өту керек. Қазақстан Республикасындағы өзге де ЖОО-ның студенттері мен ниет білдіруші азаматтарға ұсынылған ашық көрме бір тәулік бойына жалғасты.
Көрме қатысушылары төл теңге тарихы турасында бейресми форматта сындарлы диалог жүргізудің ашық онлайн алаңын ұсынған Altynsarin Institute-на өз алғыстарын жеткізді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ