Қазақстандық студенттер күн шуақты Түркиядан жылы лебіздерін жолдады

Қазақстандық студенттер күн шуақты Түркиядан жылы лебіздерін жолдады

Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Түркия мемлекеті, Мугла қаласындағы Mugla Sitki Kosman University-де білім алып жатқан Altynsarin Institute-ның студенттері өз сәлемдерін жолдады.

Сонымен қатар, олар 17 қараша – Халықаралық студенттер күнімен барша студенттерді құттықтай келе, мол мүмкіндіктер мекеніне айналған мемлекетімізге алғыстарын білдірді.
Айта кетейік, шетелде білім алып жатқан Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының студенттері бір семестр бойына үздіксіз біліммен қаруланып, өзге де студенттермен достық қарым-қатынас орнатуда.
Уақыт ағымындағы ерекше сәттеріне қолайлы жағдай тудырып, әрдайым назардан тыс қалдырмаған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Altynsarin Institute-ның басшылығына студенттердің жолдаған бейнесәлемдемелері жүректі елжіретті.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ