Студенттер арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Студенттер арасында үстел теннисінен жарыс өтті

2023 жылдың 17 қараша күні Altynsarin Institute-да «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы студенттері арасында үстел теннисінен жарыс өтті.

«Барыс» спорт клубының бастамасымен ұйымдастырылған шараның мақсаты – мамандыққа қарасты академиялық топ студенттерінің үстел теннисіне деген қызығушылығын арттыру, үздік команданы анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру болды.
Үстел теннисіне 1-3 курс студенттерінен құралған ерлер және әйелдер командасы жасақталды.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дөңгелек жүйе бойынша анықталды:
I орын – ДШС-23 тобы
II орын – ДШС-33 тобы
III орын – ДШС-21 тобы
Жеңімпаз командалар грамота және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Жарысқа «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының оқытушылары Д.Т.Құлтанов пен Т.Толегенов төрелік етті.
Еске сала кетейік, Қазақстан үстел теннис федерациясы 1993 жылы құрылды. 30 жылдық ғұмыры бар бұл спорт түрімен Altynsarin Institute-ның студенттері белсене айналысады.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ