Altynsarin institute-ның студенттері қазақ күресінен облыстық іріктеу турнирінің жүлдегері атанды

Altynsarin institute-ның студенттері қазақ күресінен облыстық іріктеу турнирінің жүлдегері атанды

Қостанай қаласында 18-21 қараша күндері қазақ күресінен 2003-2005, 2006-2007, 2008-2009 жылғы жасөсіпрімдер мен қыздар арасында «Жас Барыс» облыстық турнирі өтті.

Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асқан турнирге Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ-нің спортшы студенттері қатысты.
«Тарих және өнер» факультеті «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенттері 2003-2005 жылғы жастар арасындағы санат бойынша аламанға түсті.
Боз кілемде белдескен институт студенттері қарсыластарына төтеп беріп, табысты өнер көрсетті.
Нәтижесінде 55 келі салмақ дәрежесінде Altynsarin Institute-ның 2 курс студенті Ашықбай Ақжол І орын иеленсе, 72 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан 3 курс студенті Мұрат Айбат ІІ орынды қанжығалады.
Қос палуанның жаттықтырушысы өз сөзінде: «Ақжол мен Айбек бұған дейінде бірқатар қызыл кілемде есесін жібермеген спортшылар. Оқу ордамыздағы спорт кешенінде тұрақты жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Болашағынан зор үміт күттіреді» - деп, атап өтті.
Қазақ күресіндегі айрықша айла-тәсілдерді үздік пайдаланған жүлдегер студенттер көрермен көзайымына айналып үлгергендігін атап өтейік.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502