Математик ғалымның сандармен сырласуы

Математик ғалымның сандармен сырласуы

«Әлем математика тілімен бейнеленген» бұл - математика ғылымының негізін салушы, итальяндық Галилео Галилейдің сөзі. Расымен-ақ, «Ғылымдардың патшасы» саналатын математика зияткер ізденімпаздардың зерттеу нысаны.

Бүгінде Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының ғалымы Әлібек Ескермесұлы дәл осы ғылым саласымен жіті айналысып келеді. Ол оқу ордасында «Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультетінің деканы қызметін атқарып, математика білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге дәріс оқиды.

Философия ғылымдарының PhD докторы отандық ғана емес, шетелдік әріптестерімен де тізе қосып, тәжірибе алмасуда.
Сондай-ақ, ол 2022 жылы халықаралық «Болашақ» бағдарламасы аясында Еуропаның мәдени және экономикалық жүрегі саналатын Бельгия мемлекетінің Фландрия қаласында орналасқан Гент университетінде тағылымдамадан өтті. Ең бастысы, Анализ және PDE орталығында профессор М. Ружанскиймен бірлесіп «Сингулярлы коэффициенттері бар Штурм-Лиувилль операторы үшін толқын теңдеулер» тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізген.
Ғалымның іргелі ізденістері мұнымен тоқтап қалмай, бельгиялық профессор Майкл Ружанскийдің екінші мәрте қайта шақыртуымен 2023 жылы да жалғасын тапқан.
Әлібек Ескермесұлының зерттеу мақалалары Q1-Q2 рейтингілі халықаралық басылымдарда жарық көріп отырғандығын айта кету керек. Олар тіпті, алжирлік ғалым Мухаммад Себимен бірігіп табиғаттағы әртүрлі құбылыстарды сипаттауға бағытталған толқын және жылу өткізгіш теңдеулері бойынша жұмыстарын жалғастыруда.
Ғалымның айтуынша, дербес туынды дифференциалдық теңдеулер табиғаттағы құбылыстарға бағытталып қана қоймай, ақпараттық-техникалық қоғамнан әлдеқайда алдыға шыққан абстрактылы құбылыс ретінде танылған.
Бұдан табиғат құбылыстарын сипаттауға бағытталған теңдеулердің шешімін табу әлем назарын аударған фундаменталды зерттеу деген қорытынды шығаруға болады.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ