«Ұлттың ұлы батыры – Амангелді Иманов» атты тарихи-танымдық кеш

«Ұлттың ұлы батыры – Амангелді Иманов» атты тарихи-танымдық кеш

Altynsarin Institute-да Амангелді Үдербайұлы Имановтың 150 жылдығына арналған «Ұлттың Ұлы батыры – Амангелді Иманов» тақырыбында тарихи-танымдық кеш өтті.

Аталған шара 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің Торғай жеріндегі қолбасшысы А.Имановтың портретін жасай келе, студент бойындағы рух-жігерді арттырып, ел мен жерді сүюге тарих арқылы тәрбиелеуді мақсат етеді.
Танымдық кеш барысында «Тарих» білім беру бағдарламасы студенттері Қостанай облысы, Амангелді ауданында орналасқан «А.Иманов атындағы мемориалдық мұражайға» жасаған экскурсиясы мен батырдың немересі Батырлан Рамазанұлымен жүргізген онлайн сұхбаттың бейне түсірілімдерін көрермендер назарына ұсынды.
Сәйкесінше, батыр жайлы жазылған еңбектерге кеш қатысушылары арасында пікірталас орнап, ашық диалог алаңында қызу талқылау жұмыстары жүрді. Алаңға кеш қонақтары түркиялық ғалымдар Hikmet Koras пен Ekiz Mehmet те ой қосып, пікір білдіргендігін айта кетейік.

Танымдық кеш барысында студенттер мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін ұлттық аспаптарда ойнап, шығармашылықтарынан арнау өлеңдерін оқып, өнер көрсетті. Сонымен қатар, бауырсақ әзірлеп, ұлттық дастарханнан дәм ұсынды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ