Altynsarin institute-да студенттерді қабылдау кеші өтті

Altynsarin institute-да студенттерді қабылдау кеші өтті

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында жылдағы дәстүрден айнымай 2023 жылғы 1-курс студенттеріне арналған «Студенттер қатарына қабылдау кеші» өтті.

Студенттер тағатсыздана күткен мерекелік шара мақсаты – оқу орны туралы жан-жақты танымдық ақпараттар ұсыну, ғылыми-шығармашылық бейінді қалыптастыру, студенттік бірлестіктердің жұмыстарын таныстыра отырып, қоғамның белсенді мүшесі болуға тарту.
Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының сахнасында өткен салтанатты кештің шымылдығы Басқарма Төрағасы – Ректор Ержан Әмірбекұлының кіріспе сөзімен ашылды. Институт басшысы: «Студенттерді қабылдау кеші – бұл бейресми іс-шара, мұнда студенттердің алдыңғы легі өз эстафетасын кейінгі буынға ұсынады. Сондай-ақ, студенттік өмірге қысқаша экскурсия жасап, жаңа достық қарым-қатынас орнатылады. 1-курс студенті алдыдағы бірнеше жылды есте қаларлықтай өткізетін шеңбер қалыптастырады. Сіздерді адам өміріндегі студенттік кезеңнің баспалдағымен құтықтаймын!»-деді, өз сөзінде.
Кештің ең әсерлі тұсы «Білім кілті» мен «Студенттік билетті» Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары ұпай жинаған студенттер Хайдаралиев Юнусали мен Көшербай Саяға салтанатты табыстау сәті болды.
Жаңа креативті шоулар, Altynsarin Institute таныстырылымы үшін әзірленген бейнероликтер, студенттік белсенді ұйымдардың таң-тамаша еткен өнерлері бәрі-бәрі көпшілікті таң-тамаша етті.
Елу жылдан аса тарихы бар білім ордасы еліміздің түкпір-түкпірінен келген студенттердің жылы ұясына айналып отыр. Үлкен адам болу үшін үлкен арманын арқалаған 1-курс студенттеріне мәртебелі мамандық иесі атану үшін педагогикалық жоғары оқу орны жолдама ұсынады.
Айта кетейік, мерекелік жиынға Altynsarin Institute ұжымы, 1-курс студенттері мен Түркиялық қос ғалым Hikmet Koraş пен Ekiz Mehmet қатысты.
Көпшіліктің көзайымына айналған өнерпаз студенттер кеш барысында оқу орнының құрметіне дайындалған авторлық әндерінің тұсаукесерін жасады.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ