Жастар саясатының үздіктері марапатталды

Жастар саясатының үздіктері марапатталды

Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы ұйымдастыруымен мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың қорытынды шарасы өтті.

Салтанатты жиынның басты мақсаты – қоғамдағы белсенді топ өкілдерінің жұмысына баға беру, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бағытында жұмыс атқарған белсенді жастарды марапаттау болды.
Қостанай қаласындағы «Достық» үйінде өткен шараға Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының «Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты» орталығының басшысы З.Н.Батырова, «Жас Орда» студенттік бірлестілігінң жетекшісі А.Д.Құндақбаев және белсенді студенттер Е.Қанат пен Г.Еркінқызы қатысты.
Мерекелік кеш барысында Құндақбаев Айбек Дарханұлы Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат вице-министрі Е.Кочетовтің жастар саясатына қосқан үлесі үшін алғыс хатымен, Еркінқызы Гүлнұр және Қанат Ерлан Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасының төрағасы М.К.Жұрқабаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, Altynsarin Institute-дағы «Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты» орталығы жанынан құрылған жайдарман, волонтер, әдеби-шығармашылық, спорт және дебат бағытындағы студенттік бірлестіктер өз белсенділіктерімен оқу орнының келбетіне айналып отыр.
Үздіктерді лайықты марапаттарымен құттықтай отырып, алдағы қадамдарына сәттілік тілейміз!

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ