Спандияр Көбеевтің 145 жылдығына арналған «Орындалған арман» атты кітап көрмесі

Спандияр Көбеевтің 145 жылдығына арналған «Орындалған арман» атты кітап көрмесі

2023 жылдың 13 қазан күні Altynsarin Institute-да Ақпараттық-кешендік кітапхананың ұйымдастыруымен «Орындалған арман» атты кітап көрмесі өтті.

Көрме ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі сыни реализмнің өкілі, қоғам қайраткері, қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі, ауылдағы жаңа мектептердің ұйымдастырушысы, қазақ прозасының көрнекті өкілі Спандияр Көбеевтің 145 жылдығына арналды.
Аталған көрменің мақсаты – қазақ әйелдерінің тағдырын, оның теңсіздігі мен жастар өмірін, ойын-той салттары туралы, революцияға дейінгі ауыл өмірі, Кеңес өкіметі жылдарындағы қазақ даласындағы түбегейлі өзгерістерге арналған Спандияр Көбеевтің төл туындыларын оқырмандарға таныстыру.

Мұнда қаламгердің өткен өмір жолы, қызметі туралы «Орындалған арман» атты кітабы, «Қалың мал» романы, «Үлгілі тәржіма» және «Үлгілі бала» кітабы, «Армандар орындалады» естеліктері, «Екі соқа», «Атасы мен немересі», «Құстың ұясы», «Өсиет» атты әңгімелер мен мысалдар жинағы оқырман назарына ұсынылды.
Ақпараттық-кешендік кітапхана директоры Сарсенкуль Қуандыққызы отандық әдебиет өкілдерінің мерейтойына арналған кітап көрмесін ЖОО қабырғасында дәстүрлі түрде өтетіндігін жеткізді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ