Altynsarin institute-да «Stand-Up» ойындары өтті

Altynsarin institute-да «Stand-Up» ойындары өтті

2023 жылдың 11 қазан күні «DRIVE» жайдарман клубының ұйымдастырумен «Stand-Up» ойындары өтті.

Студент жастардың қызығушылығы басым бұл жанр былтырғы жылдан бастау алып, бүгінгі күнге дейін дәстүрлі түрде өтіп келеді.
«Stand-Up» ойындарының мақсаты – мемлекетімізде орын алып жатқан өзгерістер мен саяси жаңалықтарға жастардың өзіндік үн қосуы.
Нақтырақ айтқанда, астарлы әзіл арқылы жастар арасында сыни ойлау функцияларын дамытуды көздейді.
Мәселен, биылғы оқу жылында бірінші мәрте өткен ойынға 8 резидент: Атаберген Абдигапаров, Ескендір Утен, Абылайхан Дөңесов, Ербатыр Сағынтайұлы, Нұрдәулет Серікбай, Досбол Нуридинов, Алмагүл Хуатан, Гүлім Баймұрза қатысты. Олар тек институтішілік емес, қалалық проблемаларды тілге тие кетіп, әзілмен жеткізген ойыншылар, үлкен қошеметке ие болды.

Айта кетейік, өткен жылдың нәтижесі бойынша 2 қатысушы ауыспалы кубок иегері атанған.
Ал, бүгінгі ойын қорытындысы бойынша Досбол Нуридинов жеңімпаз атанып, ауыспалы кубокпен және 10 000 тг ақшалай сыйлықпен марапатталды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ