Altynsarin institute-де «Күміс университеті» өз жұмысын бастап кетті

Altynsarin institute-де «Күміс университеті» өз жұмысын бастап кетті

Қазан айында Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында Арқалық қаласының қарт тұрғындарына әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетудің ақпараттық нысаны ретінде Күміс университеті өз жұмысын бастады.

Altynsarin institute «Күміс университеті» бүгінде зейнет жасына дейінгі және зейнет жасындағы 20-ға жуық студент білім алуда. Аталған жоба аясында институт егде жастағы адамдарға заманауи IT-технологияларды, шет тілдерін меңгеру, құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру, психология мен өнер, салауатты өмір салты, домбыра тарту курстарынан тұратын оқу бағдарламаларының портфолиосын ұсынады. Сабақтарды ЖОО-ң тәжірибелі, білікті оқытушылары жүргізеді. Толық 72 сағаттық курсты аяқтағаннан кейін барлық студенттер сертификаттар алады.
Күміс университетінің студенттері оқуға ешқашан кеш емес екеніне және мұнда алған барлық білімдерін күнделікті өмірде міндетті түрде қолданатынына сенімді.

«Компьютерлік сауаттылық» ІТ-технологиялар негіздері курсының оқытушысы Байзакова С.С. айтуынша, үздіксіз білім беру және цифрлық технологияларды дамыту бүгінгі таңда табысты және бақытты өмірдің негізі болып табылады. «Зейнеткерлер халықтың ең аз компьютерленген санаты болып қала береді. Өйткені, олар көбінесе балалардан бөлек тұрады және оларға компьютердің барлық қыр-сырын үйрететін ешкім жоқ. Компьютерлік сауаттылық курстары дәл осы себепті құрылды. Бұл жерде барлық қажетті компьютерлік дағдыларға үйретеміз. Оқыту түсінікті тілде жүргізіледі», - дейді оқытушы.

Айта кетерлігі, «Күміс университеттердің» қызметі зейнеткерлер мен егде жастағы адамдарға өмірдің жаңа мәнін табуға, өзін-өзі танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға, өмірлік белсенділігін ұзартуға және әлеуметтік шеңберін кеңейтуге көмектеседі. «Күміс университеттердің» басты мақсаты – егде жастағы адамдардың жаңа білім мен дағдыларды меңгеруіне, өзіне деген сенімділігін арттырып, қала мен облыстың қоғамдық өміріне белсене араласу мүмкіндігі екені сөзсіз.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ