Altynsarin institute мамандары халықты цифрлық сауаттылыққа үйретеді

Altynsarin institute мамандары халықты цифрлық сауаттылыққа үйретеді

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында оқу жылының басынан бастап Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында «Ашық үкімет» курсы бойынша ел тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша оқыту семинарлары басталды.

Институт мамандары egov.kz электронды үкімет порталымен жұмыс істеу бойынша сабақтар өткізіп, қала мен ауылдардың тұрғындарына, мысалы, электрондық цифрлық қолтаңбаны алу және оның көмегімен мемлекеттік электрондық қызметтерді алу жолдарын айтып береді.

«Ашық үкімет» курсының жоспары жасалып, оқу бағдарламасы бекітілді. Оқу сабақтары 1-2 сағатқа созылады, осы уақыт ішінде курс тыңдаушылары теориялық және практикалық білім алады. Жаңадан бастаушыларға порталдан түрлі қызметтерді табу, салықтарды, айыппұлдарды, коммуналдық төлемдерді төлеу және басқа да қажетті ақпаратты алу жолдары үйретіледі. Бағдарламаны аяқтағаннан кейін қатысушыларға курсты аяқтағаны туралы сертификаттар беріледі.
Айта кету керек, 2018 жылы Қазақстанның әр аймағында (облыс орталықтарында, ауылдар мен қалаларда) халықты цифрлық сауаттылықтың қарапайым дағдыларына үйрету курстары өтті. Оқыту курстары бір немесе төрт мамандық бойынша өз құзыреттілігін арттырғысы келетіндердің барлығына тегін ұсынылды: «Базалық цифрлық дағдылар», «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер», «Ашық үкімет», «Электрондық коммерция».

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ